ҚАЖЫЛЫҚҚА МҰСЫЛМАНДАР ҮШ ЖОЛДАН ДА АҒЫЛУДА

Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі қажылық парызын өтеу үшін қасиетті топыраққа келген қажылардың саны 1 миллион 195 мың 700-ға жеткенін мәлімдеді.

Министрліктің паспорт бөлімшесінің жасаған мәлімдемесінде 2016 жылғы қажылық маусым  үшін қыркүйектің 4-і кешкі уақытқа дейін қасиетті мекенге 1 миллион 123 мың мұсылман әуе жолымен, 60 мыңы құрлық жолымен, ал 12 мың 700-і теңіз жолымен жеткен.

Шартараптан әлі тағы да 1 миллион 500 мың қажы келеді деп күтілуде.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін