ҚОЛМА-ҚОЛ ХАЛАЛ ӨНІМДІ АНЫҚТАЙТЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ПАЙДА БОЛДЫ

Бұдан былай Дубайдың тұрғындары дүкенде тұрып-ақ азық-түлікті адал, адал емесін бірден тексере алады. Ол үшін ұялы телефонның көмегімен «Халал» белгісін көшіріп алса болғаны. Аталмыш мобильді қосымша тауар шариғат нормаларына сәйкес келеді ме, әлде самсаған халал белгілері тек тауарды өткізудің амалы ма анықтап береді.

Сондай-ақ, «Халал» смарт-белгісі тек нағыз халал өнім шығаратын мекемелерге ғана беріледі, кім-көрінген иелене алмайтын көрінеді.  

Басшылықтың айтуынша қолма-қол халал өнімді ажыратып беру алты айдың ішінде толықтай жүзеге асатын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін