ШВЕЙЦАРИЯДА ИСЛАМ РЕСМИ ДІН БОЛУЫ МҮМКІН

Швейцарияның Социал-демократиялық партиясының лидері Христиан Леврат елінде Исламның ресми дін ретінде танылуы қажеттігін ұсынды. «Sonntags Zeitung» газетінде жасаған мәлімдемесінде Леврат Исламның ресми ретінде қабылданып, елдің ата заңында орын алуы қажеттігі талқыға түсу керек екенін айтты. «Ислам діні ресми дін ретінде танылатын болса, дін адамдарының оқытылуы және қаржыландырылуы Швейцария үкіметі тарапынан жүзеге асырылып, шетел немесе шектен асқан топтарға қалдырылмайтынын» тілге тиек еткен ол «Швейцарияға тән бір Ислам діні бола ала ма, осыны талқыға салуымыз керек» деді.

Левраттың бұл ұсынысына «20 Minuten» газеті де орын берді. Газет ақпаратында бұл мәселе «Швейцарияда Ислам ресми дін болуы керек пе?» деген сұрақпен сауалнама ұйымдастырылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін