ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНҒАН БАЛА ҚАЖЫ (ФОТО)

Түркия мемлекетінде қажылыққа жіберу маусымы басталып кетті. Қасиетті қағбаны тәуәп етіп, исламның 5 шартының бірін орындауға аттанғалы тұрған мұсылмандарды жерлестері ізгі ниет, салауат, дұғамен Кападокия әуежайынан шығарып салды. Қажылардың арасында қажылыққа ата-анасымен бірге атттанғалы тұрған 2 жасар бала ерекше көзге түскен. Мұхаммед Энес Өзкүркчү есімді болашақ бала қажы өзінің кішкентай жасына қарамастан, қажылықтың барлық рәсімдерін біледі екен. Әрі ата-анасымен бірге қасиетті мекенге аттанатыны үшін шексіз қуанышта еді.

Әуежайда ата-анасы сәбидің күнделікті киімін шешіп, қажылар киетін аппақ ихрамды кигізген уақытта, әуежай қызметкерлері бұл отбасыны осы қуанышты сәтпен құттықтады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін