ПАЙҒАМБЫРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ЗАМАНЫНДА САЛЫНҒАН ТАҒЫ БІР МЕШІТ ТАБЫЛДЫ

Әл-Ямама аймағында (КСА) франциялық және саудиялық археологтар ашылмай қалған көне археологиялық орындарды зерттеп, араб халқының мәдениетін жақсырақ тану мақсатында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы тапқандары – белгісіз көне мешіт орны. Ғалымдардың айтуынша, мешіт хижра жыл санауы бойынша бірінші ғасырда салынған. Мешіт орнындағы қазба жұмыстарын жүргізу барысында үш үлкен намазхана залы мен имам намаз оқитын екі михрабтан және бір ашық алаңнан тұрғанын анықтаған. Табылған көне мешітті Ғалымдар Арабия түбегінде орналасқан Мекке мен Мединедегі қасиетті екі мешіттен кейінгі үшінші алып мешіт болуы мүмкін деп отыр.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін