ЕУРОПАДАН ҚАЖЫЛЫҚҚА НӨПІР АҒЫП БАРАДЫ

Еуропаның түрлі елінен 13 мың мұсылман тамыздың 24-і күні қажылыққа аттанады. Бұның 7 мың 500-і, яғни жартысынан көбі Германия азаматтары. Бұл жайында Анадолу ақпарат агенттігі хабарлады.

Германияның Келн қаласындағы Дін істері Түрік Ислам Қауымдастығында ұйымдастырылған қажылық семинарында Түркия дін істері басқармасының Дін қызметтері бас директоры Йашар Йігіт бұл сапардың туристік бір саяхат емес, жоғары дәрежелі, мәнді бір зиярат болатынын тілге тиек етті. «Біз бұл қажылық арқылы тарихтың тұңғиықтарына бармақпыз. Қажылық әр тасында бір тарих, естелік, із болған бір ғибадат. Раббым біздерге бұл ғибадатымызды талапқа сай өткерген мүминдерден етсін», – деді ол.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін