ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛА АРАБ ТІЛІН ЕКІ САҒАТТА ҮЙРЕНУДІҢ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ

Нұрсұлтан Асқарбекұлы араб тілін үйрететін мобильді бағдарлама ойлап тапты.  Қазақ баласының шығарған «Joode» мобильді бағдарламасы араб тілін жаңа бастаушыларға таптырмас құрал. 9 интерактивті сабақтың көмегімен арабтың 28 әрпінің аты, жазылуы мен айтылуын оңай үйреніп алуға болады. Нұрсұлтанның айтуынша әріптерді толық жаттап алу үшін небәрі 2 сағат жеткілікті.

Эдинбург университетінің түлегі Нұрсұлтан Асқарбекұлы бұдан бұрын да қазақ тілін үйренуге арналған бағдарламалар жасап жүрген.

«Joode» бағдарламасының келесі нұсқасында Нұрсұлтанның өз дауысымен аудио түсініктемелері шығатын болады. Жас өнертапыштың ендігі мақсаты – Құран оқып үйренуге, яғни тәджуид сабағына арналған бағдарлама жасап шығару. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін