ЖАПОНИЯДА «ХАЛАЛ» АГЕНТТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Халықаралық халал ұйымының филиалы (IIHO) өткен аптада Жапонияда іске қосылды.

Сауд Арабиясында орналасқан Әлемдік мұсылман лигасы бөлімшесі жапон жұртына «Халал» сертификациясын жеткізетін болады.

Бүгінде Жапонияның халал өндірісі мен мұсылман туризмі жылдан жылға үлкен сұраныстарға ие болып, халықаралық нарыққа да шықты.

Еске салсақ, Токио 2020 жылы Олимпиада ойындарына есік ашады. Осыған орай, елге көптеген елдерден, оның ішінде мұсылман мемлекеттерінен де қонақтар келеді. Бұл ретте Жапонияның халал өндірісінің дамуы өте өзекті болмақ.

Халықаралық халал ұйымының филиалы (IIHO) Сауд Арабиясындағы бас хатшысы доктор Салех Х.Аляйед жаңа жапондық филиалдың директор міндетін атқарушы Мұхаммед Зубаирды халал өндірісін дамытудағы жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

«Мен IIHO филиалы Жапониядағы халал өнімін және сертификациясын дамытуда көп көмегін тигізетініне сенімдімін. Халалдың жоғары стандарты азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмек, косметика, қаржы, туризм қызметі салаларына енгізіледі», - дейді бас хатшы. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін