Қасиетті Әл-Ақса мешіті картада жоқ боп шықты

Исраилдің Туризм министрлігі тарапынан басып шығарылған Құддыс картасында Ақса мешіті секілді мұсылмандарға тиесілі қасиетті мекендерге жер берілмеген. Исраилдің Haaretz газетінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, министрлік тарапынан шаһарға қыдырып келген туристерге таратылатын картада Ислам жәдігерлерінен тек Қуббату-с Сахра мешітіне ғана орын берілген. Ал Қасиетті үш мешіттің бірі болған шаһардың ең маңызды жәдігері әрі Пайғамбарымыздың Миғражға көтерілген жері болған Әл-Ақса мешіті картада жоқ боп шыққан. 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін