СЕЛФИ ҮШІН ӨМІРІН ӨЛІМГЕ ТІГІП, БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

Селфи үшін өмірін қатерге тіккен саудиялықтың басы дауға қалды. Автолкөлігін құздың дәл ұшына тіреп қойған  қорқынышты суреті әлеуметтік желіде қатты талқыға алынды. 

Экстремал көлігін биіктігі 3500 метр болатын Фифа тауының қияр шыңына қойып , өзі де қасына тұрып алып елдің зәресін ұшырды. Сауд Арабияның бұқаралық ақпарат құралдары арты өлімге апару қаупі бар мұндай нәрсені қайталамауға шақырады.  Алла Тағаланың берген ғұмырын түкке тұрғысыз сурет үшін қауіпке тігу ақылға сыймайды дейді.

Саудия халқы мұндайларды түрмеге немесе әскерге жіберу керек деген ойға келген.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін