ТҮРКИЯДАҒЫ ОҚИҒАҒА МЕККЕ ИМАМЫ ДА ДҰҒА ЕТТІ (ВИДЕО)

Түркиядағы әскери төңкеріс әрекеті әлем мұсылмандарын алаңдатты. Аяқ астынан бұрқ ете қалған оқиға миллиондаған халықты көшеге шығарды. Алланың есімін айтып көшеге шыққан билікті қолдаушы жұрт қаншама әскери техниканы тоқтатты. Мешіттердегі жамағат жаппай дұға етіп, елдің бейбіт болашағы үшін мінажат қылды. Тіпті Меккеде де Түркия үшін қолдар көкке көтеріліп, алақандар Аллаға жайылып, Алладан жәрдем тілеп, дұға жасалды. Төмендегі видеодан Мекке имамының төрт мәрте «Аллаһым! Түркияға жәрдем ет!» деп дұға еткенін естиміз. Сондай-ақ, Алладан Исламға, Пайғамбарымыздың үмбетіне жәрдем етуін сұрап, Алланың кешірімін, жарылқауын, рахметін де тілейді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін