НЕМІС ЖУРНАЛИСТІ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ВИДЕО)

Берлин қаласындағы мешіттердің бірінде Ораза айт мерекесіне орай танымал неміс журналисті Мартин Лежен Алланың хақ екендігін мойындап, мұсылман атанды.  Әлеуметтік желіні қолданушылар арасында үлкен қызығушылықпен тарап үлгерген видеода мешіт имамы жамағатқа атақты журналисттің мұсылман болғысы келетін тілегін жеткізіп, дұға жасаған. Артынша «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп имамның артынан қайталаған Мартин мұсылман болғанын кәлима шәһәдатпен бекітті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін