ОРАМАЛ ТАҚҚАН ТАЛАПКЕРДІ УНИВЕРСИТЕТКЕ КІРГІЗБЕДІ (ВИДЕО)

Мәскеуде оқу орындарының біріне келген талапкерді ішке кіргізбеді. Бұған оның басындағы жаулығы кедергі болған. 2-шілде күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына құжаттарын тапсырып, экзаменге дайындық курсына келген қызды күзетшілер есік алдынан әрі асырмады. Тіпті күзетші «оқығың келсі хиджабты шеш, біздің оқу орнына хиджабпен кіруге рұқсат жоқ» деген де талап қойған. Күзетші мен мұсылман қызының арасында болған кикілжің видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде таралып кетті.

Бір қызығы МГИМО-ның құқықтық және әкімшілік сұрақтар бойынша жауапты проректоры Сергей Шитьков аталмыш оқу орнында хиджаб киюге ешқандай тосқауыл жоқ екенін айтып түсіндірді. Енді мектепті алтын белгіге бітірген Альфия орамалымен-ақ жоғарғы оқу орнына тапсыруға әбден құқылы.     

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін