ӨЗІ ЖҮРЕТІН АВТОБУС ПАЙДА БОЛДЫ

Швейцарияда жаяу жүргіншілерді тасымалдауға арналған жүргізушісіз автобус пайда болды. Жаңа көлік түрі Сиона қаласында тестілеуден өтіп жатыр.

Толықтай электрлі автобусқа 11 кісі сияды. Ал көліктің жылдамдығы –сағатына 20 шақырым.

 Лозанна қаласы инженерлерінің құрастырған ерекше техникасы бұрылыстарды өз бетімен өтіп, жолды таба алады және жол ережелерін сақтай біледі. Жақында ғана қоғамдық тестілеуге рұқсат берілді. Уақытша тәжірибе 2017 жылдың қазанына дейін жалғасады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін