ТӘУЕП ЕТУ КЕЗІНДЕ СЕЛФИЛЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛУДЫ ҰСЫНДЫ

Сауд Арабиясында соңғы уақытта қажылық кезінде қасиетті Қағбаны тәуеп етіп жүріп, селфи жасауға құштарлардың қарасы көбейген еді. Қажылардың айтуынша, мұндай кезде селфи жасағандар өзгелердің жолын бөгеп, кедергі келтіріп жатады. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында. Бұл індет қасиетті жоралғылар кезінде де бой көрсете бастағаны алаңдатпай қоймайды. Қажылық кезінде қасиетті Қағбаны тәуеп етіп жүрген  қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қиындық тудырып жатады. Осы келеңсіздікке байланысты осынау жат әдетке заң жүзінде тыйым салу турасындағы ұсыныстар жиі айтылатын болды. 

islam.kz 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін