GOOGLE КЕҢСЕСІНДЕ КИІЗ ҮЙ ТІГІЛДІ (ФОТО)

Калифорнияда орналасқан Google X кеңсесінде киіз үй тігілді. Бұл туралы компания қызметкері, қырғыз Тілек Мамутов өзінің Facebook парақшасында хабарлады. "Google X кеңсемізде киіз үй тігілді :) Әріптесім Эмили мен Ричардқа рақмет, біз оларды Интернет арқылы таптық, сосын ол бізге киіз үй тігіп берді. Енді киіз үй кездесуге арналған үй ретінде қолданылады", - деп жазды Мамутов. Айта кетейік, Google X компаниясы Alphabet холдингінің құрамында. Компания мүмкіндігі бар технологияларды шығарумен айналысады. Солардың қатарында жүргізушісіз автомобиль, шынайы өмір көзілдірігі, Интернетке стратосферада әуе шарлары арқылы кіру, адам сөзін тануды және видеодағы, Интернеттегі нысандарды танитын оқыту нейтрон желісі бар. Компанияда жұмыс істейтін қызмектерлер үшін барлық жағдайлар жасалады. Басты міндет - қойылған мақсатты сапалы орындап шығу.

baq.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін