ПАЙҒАМБАР (ﷺ) ЖӘДІГЕРЛЕРІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (ФОТО)

Пайғамбарымыздың құнды дүниелерін жинақтаушы, Дағыстан Республикасының мүфтиі Ахмад қажы Абдулаев жәдігерлерін алып Хасавюрт қаласына жол тартты.

Алтынға бергісіз бұйымдарды көруге құжынаған халық жиналды. Мұсылман қауымы қолдарына жалау алып, мәуліт жырын айтып Пайғамбарымызды(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мадақтай отыра, жол бойынан күтіп алды. 

Құнды жәдігерге құрмет көрсетіп, қарсы алуға мешіт алаңына діни басқарманың өкілдері, ғалым-дінтанушылар, мемлекеттік қызметтегілер, танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері және жергілікті халық келіп, көзайым болды.

Пайғамбарымыздың мүбәрак қолдары мен жүздері тиген ыдыс-аяғынан бастап көптеген құрал-жабдықтарын көргісі келгендер 10 күнге жалғасатын Хасавюрт қаланың мешітіндегі көрмеден көре алады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін