ВАЛЮТАҒА МЕШІТТІҢ СУРЕТІН ҚОЮДЫ ПРЕЗИДЕНТ ТЕ ҚҰПТАДЫ

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 200 және 2000 рубль купюрасын Грозный мешіті мен Дербент қаласының ежелгі бекінісінің суретімен шығаруды қолдауға шақырды.

Ресей Банкінің басшысы Эльвира Набиуллина 2017 жылы 200 және 2000 рубль номиналды банкноттарының шығатыны  туралы жариялады. Таяу арада Орталық банк федералдық телеарналардың бірінде жаңа банкноттардың дизайны бойынша қоғамдық талқылауды бастайды. Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатипов 2000 рубльға Дербенттің ежелгі бекінісі Нарын-Каланы, Грозный қаласының мэрі Муслим Хучиев 200 рубльдің бетіне Грозныйдағы «Шешенстан жүрегі» мешітінің суретін қоюды ұсынып отыр. Бұл ұсыныстарды Солтүстік Кавказ ісі бойынша федералдық министрлігі де қолдап, веб-сайтында дауыс беру жүйесін қосып қойды. http://minkavkaz.gov.ru/poll/

 «Сіздерден 200 және 2000 рубль номиналына Грозный және Дербент қалаларының суретін қоюға байланысты Солтүстік Кавказ ісі бойынша федералдық министрлігі ұйымдастырған сауалнамаға жауап беріп, қолдау білдірулеріңізді сұраймын», -  деп жазды Қадыров Instagram парақшасында.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін