БІЗ МҰХАММЕД ӘЛИМІЗ, ОМАР МАТИН ЕМЕСПІЗ...

Әлем халқы мен Америка Құрама Штатында Орландода болған гей-клубта 50 адамның өмірін жалмаған атыс туралы әлі де талқылауда. Мұсылмандардың көпшілігі ислам дінінде біреуді өлтірмек тұрсын, аузымен де балағаттауға құқығы жоқ екенін дәлелдеп, қаза тапқандардың отбасына  жәрдем көрсетті.

АҚШ-тың мұсылман көшбасшылары да қанша жылдық еңбегімізді еш кетірмейміз деп дабыл қағуда. «Біз ақылсыз бір адамның әрекеті үшін, жылдар бойы жасап келген ерен еңбегімізді жойып жіберуге жол бермейміз», – деді Америка мұсылман қауымы орталығының төрағасы Атиф Фарид.

АҚШ-тың Фарид сынды өзге де мұсылман басшылары бірауыздан ислам дінінің қаймағы – Мұхаммед Әли сияқты тұлғалар, қайдағы бір безөкпе біздің дінімізге кір келтіре алмайды деген пікір білдірді. Сонымен қатар, қанды қақтығысты ұйымдастырған Омар Матин өзі  гомосексуал деген күмән бар. Көршілері мен гей-клубқа келушілер бұл орынға бұдан да бұрын келіп жүргенін айғақтаған.

Еске сала кетейік, Омар Матин есімді азамат гей-клубқа оқ жаудырып, АҚШ елі орны толмас қайғыға ұшыраған болатын. http://ihsan.kz/kk/news/view/4291

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін