ТҰҢҒЫШ МҰСЫЛМАН САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Көп ұзамай Мәскеуде алғашқы мұсылманша сауда-іскерлік орталығы ашылады. Ашылғалы отырған «Barakat» сауда орталығы ислам қағидаларын ұстана отыра, адал кәсіпті жолға қоятын болады. Жобаның мақсаты – халал өндірушілерге қолдау білдіру және халықтың сұранысын қанағаттандыру. Аталмыш орталық дүкендерде халал азық-түлік өнімдері, косметика, киім және аксессуарлар желісі жұмыс істейді, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы тауарлар мен ем жүргізетін қызмет түрлері де болады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың ойынша мұнда мұсылман форумдарын, тренингтер, семинарлар, қайырымдылық шаралар мен сән көрсетілімдерін өткізуге өте қолайлы.

Бұдан өзге орталықта бірқатар «Ислам мәдени» және «Отбасын құру»,  құқық қорғау орталықтары мен Ресей мұсылмандары дизайнерлерінің одағы ашылатын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін