150  БАЛАНЫҢ АНАСЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Қырғызстанда Ұлы Отан соғысында жетім қалған 150 бүлдіршінді қанатының астына алған Тоқтаған Алтыбасарова көз жұмды. Батыр ананың отбасына ел президенті Алмазбек Атамбаев көңіл айтты.

Еске сала кетейік, сұрапыл соғыс кезінде Кеңес Одағының әр бұрышындағы 140 мыңға жуық балаларды Қырғыз еліне жер аударады. Сол кезде бар болғаны 16 жастағы Тоқтаған 150 баланы бауырына басқан. Барлығы бір колхоз жатақханасында тұрады. Кейін өсіп-өніп, әр бала өз жолымен жан-жаққа тарап кетеді. Көршілері мен туыстарының айтуынша олар осы күнге дейін хат алмасып, аналарының қалын біліп тұруды ұмытпаған. Қазір балаларынан қалғаны – өзі туған 8 баласы, 23 немере және 13 шөбересі.    

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін