ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРҒАНДАРДЫ СЫЙЛЫҚТАР КҮТІП ТҰР

Рамазан қарсаңында қажылық парызын өтеуге келгендерді Джидда аэропортында ерекше сый-құрметпен күтіп алуда. Қажылық және Умра Министрлігі қасиетті орынға қонған қонақтарға раушан гүлдері мен сыйлықтар сыйлап, ауыз ашарға құрма, басқа да азық-түліктер үлестіретін Рамазан шатырын ұйымдастырған. Мұндай ерекше сый-құрмет қасиетті ай аяқталғанша жалғасады. Айта кету керек, Джидда аэропортына әр 8 сағат сайын, 4-5 мың қажылық парызын өтеушілер келіп қонады. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін