ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қасиетті жұма күні Жаңаарқа ауданы, Атасу кентіндегі «Ғ.Тілеухан» мешітінде «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлы жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2016-жылғы түлегі Мамраев Нұрсұлтан Қуатұлын «Ғ.Тілеухан» мешітіне бас имам етіп тағайындады. Жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырып,  асыл дінімізді насихаттауда аянбай қызмет етуін тапсырды. Бұрыңғы бас имам найб имам қызметіне ауысты.   

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін