Мұхаммед Әлидің жаназасына президент те қатысты (ФОТО)

Бүгін бокс королі Мұхаммед Әлидің соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылардың алдында Рахман және Фәжр сүрелері оқылды. Жаназа намазын АҚШ мұсылмандары қоғамының ең құрметті өкілдерінің бірі Имам Заид Шакир өткізді. Имам Заид Шакир басында Рик Дарил Митчел есімді христиан еді. Кейін Мұхаммед Әли секілді Ислам дінін қабылдаған.

Жаназа намазына президенттерден Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Түркия Дін Істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез де қатысты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін