Рамазанда қар сатып пайда табуда

Түркияның Муш қаласының тұрғындары Рамазанның ыстығында қармен салқындайды. Осыған байланысты қар сатып, пайда көріп отырғандар да бар. Қарлар қала тұрғындарына 2500 метр биіктіктегі Куртик тауынан әкелінеді. Қала тұрғындары таудан әкелінген қарды сатып алып, оны ерітіп, суымен ауызашады, енді біреулері йогурттарына тағы да басқа тағамдарға қосып жейді екен.

Қаладан 18 шақырымдық таудан әкеліп қар сататын Ебедин Ербоға: «Таудың күн түспейтін солтүстік баурайынан әкелген қарларымыз ұзақ уақыт бойы ерімейді. Сондықтан да, шығын көрмейміз. Қардың өтімділігі де жақсы, бірақ 10 келісін 3-ақ лирадан (шамамен 345 теңге) ғана сататындықтан өте аз пайда табамын. Тапқан табысыммен Рамазан айындағы шығындарымның орнын жабуға тырысамын. Қар алатын аймаққа 1,5 сағат жол жүріп жетеміз. Сол жерден қарды ойып, қапқа салып, арқалап әкеп көлікке тиейміз», – дейді қар сату машақатын тілге тиек етіп.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін