МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗ БЕКІТУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

 

Қасиетті Рамазан айы Қытай мұсылмандары үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Биыл тағы да 10 млн ұйғыр мұсылмандары тұратын Синьцзян автономиялық аймағында ораза ұстауға шектеу қойды. Шапағаты мен шарапаты мол айда мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерге ауыз бекітуге рұқсат жоқ.

«Партия мүшелері, мемлекеттік қызметкер, студенттер мен кәмелет жасқа толмағандар Рамазан айында ауыз бекітпеуі тиіс және діни іс-шараларға қатыспауы керек», – деген ескерту жасалған Синьцзянның Корла қаласы үкіметінің веб-сайтында.

«Рамазан айында тамақ ішетін орындар жабылмауы керек» деген де мәлімдеме жасалған.

Еске сала кету керек, Қытай үкіметінің бұл мәлімдемесі осыдан екі апта бұрын Reuters сайтында жарияланған репортажбен сәйкес келмейді. Онда мемлекет шенеуніктерінің бірі биыл ораза ұстауда ешқандай шектеу қойылмайтынын және дәмхана, кафелердің ашық әлде жабық тұруы кәсіпкерлердің өз еркінде деп мәлімдеген.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін