Қасиетті айда «Рамазан шатыры» есігін айқара ашты

Оразаның алғашқы күнінде Мәскеу мен Қазанда «Рамазан шатырлары» ашылды. «Рамазан шатыры» - бұл мұсылман мәдениетімен танысудың тапсырмас мүмкіндігі. Келушілер бұл шатырларда мұсылмандардың қонақжайлылыған көріп, көп ғасырлық мәдениетімен таныса алады. «Рамазан шатыры» 6 маусымнан 4 шілдеге дейін жұмыс істейді. Мұнда ұлты мен сеніміне қарамастан кез-келген ерікті адам келіп, тамақтана алады. Сондай-ақ  жетім балаларға арналған бағдарламалар, Құран оқу жарысы және т.б. жобалар жүргізіледі. Осы бір айда шатырға төрт мың адам келеді деп жоспарлануда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін