3 маусымда қайтыс болған әйгілі боксшы Мұхаммед Әли Кентукки штатындағы туған қаласы Луисвилльге қойылады. Боксшыны жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған келмек. Жерлеу рәсімі Ислам шарттарына сай жүргізіліп, оған имам басшылық етпек. Естеріңізге сала кетсек, боксшы Ислам дінін 1964 жылы қабылдаған.