Қажыларды алдағаны үшін 16 жылға сотталды

Пәкістанның Дін істері жөніндегі экс-министрі Хамид Саед Казми 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мұндай шешімді ислам республикасының соты оның қажылыққа қатысты жасаған алаяқтығы үшін шығарған. Министр қажылыққа баратындардан қомақты қаражат алып, Сауд Арабиясында арзан қызметтерге тапсырыс берген. Қажылыққа қатысты алаяқтық ұйымдастырғаны үшін қатаң жаза беріліп отырған бұл бірінші жағдай емес. Бұның алдында осындай қылмысы үшін Дін істері жөніндегі министрліктің екі қызметкері 16 және 40 жылға сотталған-ды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін