Рамазанға арналған көмекші құрал шығарылды

Salam Market және Bitfury Development компаниялары «Ramadan Mubarak» деп аталатын жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Әзірлеушілер бұл қосымшаның Рамазанда таптырмас көмекші болатынын айтуда. Оның көмегімен ескертпелер жазуға, Құраннан оқыған, жаттаған сүрелерді белгілеп қоюға, бір күнде қанша сауапты іс тындырғаныңызды білуге болады. Сондай-ақ, ислам жаңалықтары мен пайдалы кеңестер, ескертпелер де беріліп тұрады. Арнайы пайыздық көрсеткіш арқылы қасиетті айдың қаншалықты өзіңіздің тарапыңыздан сауапқа толы болғанын бақылауға мүмкіндік береді. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін