Туысқандық неке мұсылман әлеміне қауіп төндіріп тұр

Жуырда Каирде Панараб конференциясы өтіп, онда Таяу Шығыс медицинасының ғалымдары мұсылман әлеміндегі өзекті мәселе – жақын туысқандар арасындағы неке мәселесін талқылады. Конференцияға қатысқан Сауд Арабиясы мен Египет дәрігерлері соңғы жылдары тұқым қуалау ауруларының артқанын және оның басты себебі  немере бауырлар арасындағы неке екенін атап көрсетті. Осы арада айта кету керек, Исламда немере туысқандар арасындағы некеге тыйым салынбаған. Бірақ бұл аса құпталмайды да. Пайғамбарымыз  (ﷺ) өз туысқандарының арасынан тек мәжбүрлік болуы себепті Зейнепке ғана үйленген. Ал жеті атаға дейін қыз алыспаған қазақтың салты өзінің маңыздылығын күні бүгінге дейін дәлелдеп келеді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін