Қырғызстанда діни колледж ашылады

Көрші қырғыз елінде дін қызметкерлерін даярлайтын мамандандырылған діни колледж ашу жоспарлануда. Бұл туралы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның директоры Орозбек Молдалиев хабарлады. Бұдан бұрын ел басшысы Алмазбек Атамбаев  елдегі діни жағдайдың даму мониторингін әрі қарай жүргізу қажеттігін ескерткен-ді. Сондай-ақ діни білім беру мәселесін жетілдіру жұмыстары күн тәртібінде тұр. Осы мәселелер ескеріле отырып, діни колледж ашу туралы шешім қабылданған.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін