«MANGO» МҰСЫЛМАНДАРҒА АРНАЛҒАН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ КӨШТІ

Әйгілі испандық  Mango брендінің киімдер топтамасында мұсылмандарға да сай келетін киім үлгілері жарыққа шығады. Олардың қатарында күнделікті және кештерге киетін ұзын көйлектер, жейде, күрте т.б. бар. Жаңа топтама маусымның басында, яғни қасиетті Рамазан айының келуіне орай шығарылады.

Осы уақытқа дейін әлемдік деңгейдегі бірнеше киім шығарушылар өз сәндік киімдерінің қатарына мұсылмандарға арналған топтамаларын қосты. Dolce & Gabbana сияқты ірі брендтер де мұсылман сәніне қызықпай өтпеді. Сән үйі әр түрлі қымбат тастар мен кружевалармен әрленген әдемі хиджаб, абаяларды шығарып өзінің жанкүйерлерін таңқалдырған болатын.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін