МҰСЫЛМАН ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУЫ МҮМКІН

Альбир Крганов

 Мәскеуде мұсылман ойын-сауық орталығы ашылуы мүмкін. Мәскеу қалалық думасында өткен дөңгелек үстелде  Мәскеу мен Орталық аймақтың мүфтиі Альбир Крганов осындай ұсыныс айтты. Ол: «Мұсылмандарға Мәскеудегі төрт мешіт жеткіліксіз. Ал мұсылмандар өте белсенді. Олардың арасында жастар көп. Бізге олармен не істемек керек? Иудейлерде толеранттық орталығы, орыстарды көптеген шіркеулер мен мұражайлар бар. Мәскеудегі бұл төрт мешіт тек құлшылық жасауға ғана мүмкіндік береді. Ал мұсылман жастарының мәдени дамуы үшін ешқандай мүмкіндік жоқ»-деді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін