ИТАЛИЯ ДІНИ МАҢЫЗЫ БАР БЕЛГІЛЕРІН ЖОЙМАҚ

Ломбардияда (Италия) жолдардан христиандықты ұстануға шақыратын және басқа діни көзқарастағы адамдардың қаладан шығуын нұсқайтын белгілер алынып тасталады. Бұл белгілердегі жазулар бұл қалада батыс мәдениеті мен христиан дәстүрлерін ұстанатын адамдардың тұратынын айшықтайтын. Аталмыш белгілер басқа дін өкілдерінің талай мәрте ашуын тудырған-ды. Италияның инфрақұрылым министрлігі аталған белгілерді жол кодексіне қайшы болуы себепті алып тастау туралы шешім шығарған. Заңға сәйкес жол белгілері тек ақпараттық сипатта болуы тиіс.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін