Қажылардың қауіпсіздігі толықтай қолға алынды

Рамазан айында Сауд Арабиясындағы Масжид әл-Харам мешітіне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 180 мың полиция қызметкері жұмылдырылады. Төрт апта бойы қасиетті Харам мешіті әлемдегі адамдар ең көп келетін орындардың біріне айналады. Сол себепті мешіттің барлық периметрі бойынша 750 камера орнатылады. Генерал-майор Мохаммад бин Васал әл-Ахмади: «Біз қажылыққа келушілердің толықтай қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі орындардың бәрінде бақылауды күшейттік»-деп мәлімдеді. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін