Базарларда ғибадат бөлмелері ашылады

Петербург билігі базар иелеріне мұсылмандар үшін базар аумағында ғибадат ететін бөлмелер ашуды сұрап, хат жолдады. Бұл  шара мұсылмандар үшін жаңа діни алаңдар құруды қарастыратын «Айқын ислам» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Биліктің Ресейдің солтүстік астанасында «азаматтардың өткір наразылығы» себепті жаңа мешіттер салу жоспарынан бас тартқаны айтылуда. Осы орайда мұсылмандар көп жиналатын орындарда құлшылық ету бөлмелерін ашу туралы шешім қабылданған. Бұл экономикалық жағынан да үнемді болмақ.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін