Қырым демалыстың жаңа түрі халал (адал) - туризмді дамытуға көшті. Енді қонақтарға ислам нормаларының шеңберінде арнайы экскурсиялық бағдарламалар ұсынылатын болады. Арнайы қонақ үйлерде ішімдіксіз сусындар, адал стандартына сай тағамдар беріледі. Сондай-ақ адал-тур бағдарламасында Қырым астанасының көне құрылыстары болып табылатын әйгілі хан сарайы Бақшасарай мен Симферопольдегі Кебир-Джами мешітіне бару да қарастырылған.