Мұсылмандық киім үлгілерінің сән апталығы өтті

Ыстамбұл қаласында «Modanisa» сән үйі ұйымдастырған халықаралық сән апталығы өтті. «Modanisa» - мұсылмандық стилде киім тігетін алдыңғы қатарлы сән үйлерінің бірі. Іс-шараға мұсылман қыздар киетін киім үлгісін жасап жүрген жетпіс дизайнер қатысты. Қазір қарапайым сән нарығы әлемде қарқынды дамып келеді. «Global Islamic Economy» -дің соңғы есебіне сүйенсек, әлем бойынша мұсылман қыздардың киіміне деген сұраныс арта түсуде. 2020 жылы мұсылман қыздардың киім үлгісіне кететін қаржы 327 млрд долларды құрамақ.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін