Мұсылмандар шаңнан кірпіш жасап шығарды

Газа секторындағы мұсылман инженер қыздар Раван Абд аль-Латыф және оның әріптесі Маджид аль-Машгарави экологиялық кірпіш жасау тәсілін ойлап тапты. Олардың кірпіші «Грин кейк» деп аталады. Оны дайындау үшін көмірдің шаңы мен цемент қажет. Ерекше құрылыс материалының салмағы әдеттегі кірпіш салмағының жартысындай ғана. Ал құны  30%-ға төмен. Бұл оның бәсекеге қабілеттілігін, өтімділігін қамтамасыз етпек.

Кірпіш көптеген сынақтар мен сараптамалардан өткізіліп, оның пайдалануға жарамдылығы расталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін