73 жасар қария жолаушыларға күн сайын тегін су таратады

Үндістанның 73 жасар тұрғыны Ражкумар Сингхания Мумбай теміржол бекетінде елге күнсайын су таратады. Үйінен шығарда өзімен бірге бірнеше бөтелке су алып шығып, жұмысына жеткенше жол бойы шөлдеген жолаушыларға таратуды әдет еткеніне 30 жылдан асты. Ол Масджид Бандер бекетінде кассир болып жұмыс істейді. Үйіне қайтар жолда да бөтелкелеріне су толтыра шығады.

Ражкумар Сингхания: "Үндістанда күн өте ыстық. Ал таза су үнемі жете бермейді. Ақшасын үнемдеу үшін теміржол бекетіне бірнеше шақырым жаяу жүріп келетін адамдар бар. Бекетке жеткен кезде олар қатты шөлдейді. Мен сондай жандар үшін су алып жүремін", - дейді. Соңғы кездері сумен бірге дәрі-дәрмек те ала жүретін болған. Себебі соңғы пойызбен кештете жұмыстан қайтып келе жатқанда ауырып қалғандар мен өздерін нашар сезінген жандарды жиі кездестіретінін айтады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін