Қазақстандық «Қағба» кімдерге керек болды екен?

Stan.kz-тың хабарлауынша, зиярат етуге келушілер алдымен Хорасан атаның басына тоқтап, Құран бағыштайды. Кейіннен ұлы ғұламадан тараған ұрпақтарының бейіттеріне барып, тілектерін тілеп, мұсылмандық ишарат жасайды. Ақ жаулықтарын іліп, армандарын айтады екен. Сыр елі қасиетті бабаларымыздың мазарлары көптеп орналасқан өлке. Мұнда өзге өңір тұрғындары арнайы ат терлетіп келетін кесенелер көп. Солардың бірі – Жаңақорған ауданынан 40 шақырымда орналасқан «Хорасан ата» кесенесі. Хорасан атаның өте данышпан, емші, ақылгөй кісі болғаны тарихтан белгілі. Ал, бұл киелі жердің өзгелерден ерекшелігі – мұнда Меккедегі Қағбаның көшірмесі бар.

islam.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін