«Арабиялық жәрмеңке саяхаты» туризм саласын дамытып жатыр

Дубай қаласында «Арабиялық жәрмеңке саяхаты» өз жұмысын аяқтады. Бұл Таяу Шығыста туристік бизнестегі үлкен оқиға болып отыр. Форумға биыл 86 елден 400-ден астам компания қатысты. Көрме ұйымдастырған шараға 26 мыңнан астам адам келген. Туристік форумның жаңа бағыты - Сауд Арабиясы. Корольдік билік елдің туристік жағдайын арттыруға ниетті. Бүгінде "Сауд Арабиясын ашу" деп аталатын жоба әзірленген. Бұл жоба туристерге ел ішінде қызықты турлар ұйымдастырмақ. шейх Сұлтан бин Салман «Көпшілік Сауд Арабиясының қаншалықты әдемі мемлекет екенін біле бермейді. Соңғы кездері мұнай бағасының өсуіне байланысты біз туралы жақсы ақпарат таратылмай жүр» - деп атап өтті. Форумға туризм саласы қатты зардап шеккен Египет пен Иордания өкілдері де қатысты. Египеттіктер форумда өз елдерінде қауіпсіздік үшін қандай шаралар жасалып жатқанын атап өтті. Босқындардың қаптауы себепті экономикасы зардап шегіп отырған Иорданиялықтар да осыны мәлім етті. Иорданияның Туризм істері жөніндегі министрі Найеф әл Файез: "Таяу Шығысты біртұтас қарауға болмайды. Таяу Шығыс - бұл 22 мемлекет. Рас, қазір бірнешеуі қиындықтарды өткеріп жатыр. Бірақ бұл жағдай аймақтың барлық мемлекеттеріне қатысты емес"-деді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін