IHSAN.KZ сайтының жаңа нұсқасы оқырманға жол тартты

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ресми порталы  ihsan.kz сайтының жаңартылған нұсқасы оқырман қауымға жол тартты. Ғаламтор аясында қанатын кеңге жайып, бағдарын айқындап алған ihsan.kz –  мұсылман қауым арасында біршама танылып үлгерген ақпараттық сайттардың бірі.              

  2009 жылдан бері ақпараттық-насихат жұмысын бастаған сайт бүгінгі таңда ғаламтор оқырмандары арасында ерекше сұранысқа ие, қаралым көрсеткіші де арта түскен. Республикалық  7000 сайт арасында  300-400 -ші орын аралығында тұрған сайт қазіргі күні 104-ші орынға табан тіреді. Алайда, қол жеткізген бұл нәтижемен ihsan.kz сайты тоқталып қалмай,  әрі қарай даму үстінде. «Ақида», «Ислам ғұламалары», «Өнеге», «Ислам және жанұя», «Тағылымды тарих», «Рамазан» секілді айдарлар әрдайым жаңартылып,  сайттың оқырманға ұсынар жаңалықтары арта түсуде. Видео бөлімінде халыққа ұсынылатын апталық жұма уағыздарынан бөлек мешіт бастамасымен түсірілген өнегелі шағын видеороликтер аз уақыт ішінде көрермен көзайымына айналып үлгерді.Сондай-ақ, сайтымыздағы радиодан көпшілік қасиетті Құран аяттарынан үзінді тыңдап, сайт бетіндегі тест тапсырмасына жауап беру арқылы  ілімін толықтырып отыра алады. Жаңаша түрленіп, жаңартылған үлгіде жарыққа шыққан  сайтымыздың  жаңа нұсқасы бұдан кейін де көпшілік көңілінен шығады деген үміттеміз! Ғаламтор желісінде өзіндік орны қалыптасқан ihsan.kz cайтымен бірге болыңыздар!

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін