Синагога шіркеуі мешіт болатын болды

 

Франция медиасы Франция қаласы Марсилия орталығындағы Or Thora синагога шіркеуінің бір Ислам орталығы тарапынан мешітке айналдыру үшін сатып алынғандығын хабарлады. Оңтүстік францияда жарияланатын La Provence газеті ұзақ уақыт бойы өтпей тұрған синагога шіркеуін Әл-Бәдір ислам мәдениет орталығы сатып алғанын жариялады.

Синагога шіркеуі тұрған көшеде орталыққа қарасты бір мешіт бар екен, алайда мешіт жұма күндері сол жердегі мұсылмандарға тар келген. Осылайша орталық мұсылмандар үшін құлшылық орнын кеңейту мақсатында осындай қадамға барған. Сатылған синагога шіркеуінің бағасы нақты айтылмаса да, жобамен 400 мың еуроға сатылғандығы айтылуда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін