Еуропада тұңғыш ислам университеті ашылады

Лечче қаласында Италиядағы алғашқы Ислам университеті ашылмақшы.Универститеттің негізін қалаушы осыдан 3 жыл бұрын ислам дінін қабылдаған Джампьеро Халед Паладини бұл құрылыстың алдағы 3 жыл ішінде аяқталатындығын айтты. Құрылыс біткен соң, университет бес мыңға жуық студентті қабылдайды. Сондай-ақ, Паладини университет дін саласынан бөлек өзге де мамандықтарды оқытатынын жеткізген. Италиялық жергілікті БАҚ өкілдері салынып жатқан оқу орнын Еуропадағы тұңғыш ислам университеті болатынын жарыса жазуда. Quotidiano di Puglia газетінің жазуы бойынша, 3 жыл ішінде медицина мен ауыл шаруашылық мамандықтары да ашылады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін