Рамазанда тауарлар өз бағасымен сатылады

Катардың бөлшек сауда саласының көшбасшысы «Al Meera» (Al Meera Consumer Goods Company) дүкендер желісі алдағы қасиетті Рамазан айында арнайы ұсыныс шеңберінде 1437 түрлі тауарды өзіндік құнымен ұсынады. Бұл ұсыныс қасиетті ай соңына дейін  «Al Meera» дүкендер желісінің барлық филиалдарында жалғасады. Жеткізушілермен бірге көптеген тұтыну тауарларына да  жеңілдіктер ұсынуға дайындалуда. Ол тауарлар арасында тұрмыстық заттар мен ас үй жабдықтары бар.  «Al Meera» сауда желісі бас директорының орынбасары Мохаммед Нассер әл-Кахтани: «Біз қасиетті Рамазан айында тұтынушыларға ең жақсы ұсыныстарды жасауға мүдделіміз. Және бұл жылы біз түрлі талғамдарға сай келетін тауарларды ұсынғымыз келіп отыр. Сондықтан Хижраның 1437 жылының құрметіне 1437 өнім түрін бөліп шығардық»-дейді.

 

 

Сондай-ақ, сауда желісі қасиетті Рамазан айында елдегі бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдары жүзеге асыратын жобалар мен бағдарламаларды қолдайтынын хабарлады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін