20 литр қан өмір сыйлауға себеп болмақ (фото)

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Бауырыңа өмір сыйла» атты акциясы өтті.  Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен мешіт ұжымы жамағатқа үлгі көрсетіп, қан тапсыруға алғаш кіргендердің қатарынан болды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Бауырыңа өмір сыйла» атты акциясы өтті.  Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен мешіт ұжымы жамағатқа үлгі көрсетіп, қан тапсыруға алғаш кіргендердің қатарынан болды. «Қан беруге  55 адам ниет білдіріп, медициналық сараптамадан кейін 41-і жарамды екені анықталды.Қан тапсыру барысында донорлар жағдайының бірқалыптылығы бақыланды.   ҚР-ның заңына сәйкес қан тапсырған жандарға 2 күн демалыс беріліп, ақша эквиваленті табысталды»,- деп пікірін білдірген қан жинақтаушы бөлімшесінің дәрігері Фарида Садепжанова қан тапсыру акциясы жоғары деңгейде өткенін айтты. Шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан иманды жандар жыл сайын өз еріктерімен қан тапсыруды дәстүрге айналдырып келеді.  Қарағанды облыстық қан орталығының мәліметі бойынша жамағаттан жиналған 20 литрден астам қан науқас жандарға өмір сыйлауға себеп болмақ. Қасиетті Құранда: «…Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» (Майда сүресі 32 аят) — деген. Осындай ізгілікке бастайтын амалдар мен сауапты істер жамағат арасында әлі де талай жалғасын таба бермек.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін