Сауалнама қорытындысы: Дағдарыстың садақаға әсері

Қазіргідей көп адамдар жұмысынан айырылып, өндіріс қысқарып, қарыз көбейіп жатқанда садақа беріп, жақсы іс жасауға мүмкіндік барма?

Ансар.ru кезекті сауалнама қорытындысын шығарды. Екі ай бойында портал оқырмандары өздерінің қайырымдылық істеріне дағдарыстың әсер еткенін хабарлаған. Сауалнамаға қатысқандардың 43 %-ы садақа беруді және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді азайтып, шығындарын қысқартқанын айтса, осындай 43% дағдарыстың қайырымдық жасауларына әсер етпегенін, бұрынғыдай садақа беріп жүргендерін айтқан. Ал сауалнамаға қатысушылардың 10%-ы мұқтаж жандарға ақшалай емес, басқалай көмектесіп жүргендерін жеткізген. Сондай-ақ 4%-ы дағдарыстың өзгелерден көмек сұрауға жиі итермелейтінін айтқан.

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін