Пәтуа: Wi-Fi- ды ұрлау халалға жатпайды

wifi3_2Дубайдың ислам және қайырымдылық қызмет істері Департаменті (IACAD) үй иесінің рұқсатынсыз бөтен біреуге тиесілі Wi-Fi желісімен ғаламторға қосылуға болмайды деген пәтуа шығарды. Департаменттің ресми сайтында оқырман осы жайлы сұрақ қойған. Кейін заманауи пәтуа бөлімінде «Біреуге тиесілі мүлікті төлемақысын бермеген болса немесе үй иесінің рұқсатынсыз қолдануға болмайды. Сондықтан да ғаламтор да дәл солай, қызмет түріне қосылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі», - деген түсінік берілді.        

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін